2012 жылғы желтоқсанның 8-і мен 11-і аралығында Қырғызстанда қазіргі бессайыс бойынша Қырғыз Республикасының Ашық Кубогы өтті. Еліміздің ең үздік бессайысшылары Қазақстанның намысын қорғады. Жарыстың үш күнінің қорытындысы бойынша жалпы есепте ерлер арасында бірінші орынды 4 360 ұпаймен қазақстандық, лондондық олимпиада лицензиясының иегері - Павел Ильяшенко иемденсе, екінші орынды 4304 ұпаймен қырғыздық бессайысшы - Никита Кузнецов, үшінші орынды 4092 ұпаймен Қазақстан жасөспірімдер құрамасының өкілі Денис Тюрин місе тұтты.
Біздің спортшылар ең үздік көрсеткіштерді көрсете отырып, өте сәтті қатысқандығы жөнінде айта кеткен жөн. Дегенмен кемеліне жетудің шегі жоқ әрине! Күн сайынғы жаттығулар мен қажырлы еңбек қазастандық бессайысшыларды шапшаңырақ әрі мықтырақ ететіні анық.