Белгілі бессайысшы спортышлар Павел Ильяшенко мен Арина Джиенбаланова Қазіргі бессайыс бойынша Әлем чемпионатының финалында Қазақстанның намысын қорғайды.
Павел Ильяшенко Қытайдағы Әлем чемпионатының үшінші кезеңінде 4328 ұпай жинап, жартылай финалда бесінші орынға ие болды.
Венгриядағы Қазіргі бессайыс бойынша Әлем кубогының кезеңінде қазақстандық Арина Джиенбаланова әйелдер арасында жеке біріншілік жарыстарында 9 орын алып, мықты 10 спортшылардың қатарына кірді. Арина бірқатар мықты спортшыларды озып, комбайнда (жүгіру+ату) жақсы көрсеткіштер көрсетіп, жалпы 5168 ұпай жинап, екінші орын алды.
Жақсы көрсеткіштер біздің спортшыларымызға 29 тамыз – 4 қыркүйек аралығында Каошинг қаласында (Тайпей, ҚХР) өтетін Қазіргі бессайыс бойынша Әлем чемпионатында Қазақстанның намысын қорғауға мүмкіндік береді.
Қазақстандық қазіргі бессайыс федерациясының
баспасөз қызметі