11 тамыз 2012
Лондондағы 2012-Олимпиадасында бессайыс бойынша турнирдың екінші түрінен жарыстар аяқталды. Спортшылар 200 метр қашықтықты жүзіп өтті.
Қазақстандық Павел Ильяшенко 2 минут 06,62 секунд нәтижесімен 26-шы орынды иеленді. Қазақстандыққа 40 ұпай тағайындалғанын атап өту қажет. Басқа қазақстандық Рустем Сабирхузин қашықтықты 2:13,21 уақыт ішінде өтті. Нәтижесінде Ильяшенко 1244 ұпай, ал Сабирхузин – 1204 ұпай жинақтады.
Екі жаттығу сомасында Сабирхузин 22-ші орынды (2060 ұпай), ал Ильяшенко - 28-ші орынды иеленіп отыр (2004). Екі бағдарламадан кейін алға шыққан қытайлық Жонгронг Цао - 2376 ұпай.