Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінде 2013 жылғы 27 қыркүйек және 4 қазан аралығында Астанада өтетін Қазіргі бессайыс бойынша Азия чемпионатына дайындық және өткізу бойынша ұйымдастыру комитетінің отырысы өтті.
Отырысқа комитеттің барлық мүшелері: Агенттіктің төрағасы Е.Т. Қожағапанов, Қазақстандық қазіргі бессайыс федерациясының президенті Б.М. Имашев, Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясының басшылығы, қазіргі бессайыс бойынша мемлекеттік тренер О.В. Дмитриенко қатысты.
Белсенді әңгімелесу барысында ауқымды іс-шараны астананы және әдемі спорт түрі - қазіргі бессайысты (конкур, жүгіру, ату, жүзу және семсерлесу) одан әрі көпшілікке танымал ету мақсатында Қазақстанның визиттік карточкасы - екпенді дамып келе жатқан Астанада өткізу шешімі қабылданды. Сонымен қатар Қазіргі бессайыс бойынша Азия чемпионатындағы жарыстар өткізілетін астаналық спорттық объектілері белгіленді.
Қазіргі бессайыс – игі спорт түрлерінің кластері. Ел аумақтарындағы спорттық инфрақұрылым болуының көрсеткіші.
Бессайыс – бес есе мықты бол.
Қазақстандық қазіргі бессайыс федерациясының
баспасөз қызметі