14 қыркүйек 2026
АЛМАТЫ, 2026 жылғы 14 қыркүйек — Қазақстанның қазіргі заманғы бессайыс федерациясының Президенті Жәркеев Арман Күншіғарұлы Республикалық спорт колледжіне (РСК) барды.
Сапар аясында ол колледждің спорттық базасын және спортшылар дайындықтан өтетін жағдайларды қарап шықты.
Бұл сапар РСК-ның спорт инфрақұрылымы мен жаттығу базасының қазіргі жай-күйімен танысуға мүмкіндік берді.
Федерацияның бас серіктесі — Samruk Kazyna, серіктесі — SportQory туризм және спорт индустриясын қолдау қоры.





