23 ақпан 2013
Қазақстандық Павел Ильяшенко американдық Палм-Спрингсте өткен қазіргі бессайыс бойынша Әлем кубогының алғашқы кезеңінде оныншы орын алды.
2013 жылғы алғашқы турнир жеңімпазы сомасында 5832 ұпай жинаған ресейлік бессайысшы Александр Лесун болды. Екінші орынды венгрлік Адам Мароши – 5808, сондай-ақ 5800 ұпай жинақтаған британдық Джозеф Эванс үшінші орынға ие болды. Ильяшенко бес жаттығулар қорытындысы бойынша 5708 ұпай жинады.
Тағы бір қазақстандық Андрей Солдатов 5476 ұпай жинап, 28 көрсеткіш көрсетті.
Әлем кубогының екінші кезеңі Рио-де-Жанейро қаласында (Бразилия) 20-24 наурыз аралығында өтеді.