Бас
серіктес

Әлеуметтік
серіктес

2017 жылғы 28 қазанда Алматыдағы Республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебінің ат спорты кешенінде «Қазақстандық қазіргі бес-сайыс федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігі ашық сабақ өткізді, содан кейін Алматыдағы №1 Балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін ат спорттық жарыстары бойынша практикалық сабақ өткізілді.

Сабаққа Алматы қаласының №1 балалар үйінің 29 тәрбиеленуші балалары қатысты. Қазақстандық бас бапкер Чудновский Вадим Максович заманауи бессайыс тарихымен, мектеп оқушыларының жетістіктері туралы, заманауи бессайыс ережелерімен және тұрақты спорттық жеңістер туралы айтып берді.

Ат спорты бойынша жаттықтырушысы Исламов Рашид жылқылармен қалай жұмыс істеуге болатынын және аттардың жаттығуларға дайындау процесін көрсетті. Осыдан кейін студенттер федерация спортшыларының ат спорттық жаттығуларын тамашалады, оның ішінде соңғы Азия чемпионаты-ның күміс жүлдегері Елена Потапенко және әлем чемпионатының жеңімпазы Сухарев Владислав болды. Жаттығулар аяқталғаннан кейін барлық балаларға өздерін шабандоз ретінде көруге мүмкіндік берілді.

Сабақ жылы шырайлы эмоционалдық жағдайда өткізілді және оған жылы да шуақты ауа райы ықпалын тигізді.

«Samruk-KazynaTrust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қол-дауымен іс-шара өткізіледі.

Қосымша ақпарат бойынша хабарласу: +7(777-270-59-70), Чудновский Вадим Максович, pentathlon5@rambler.ru