Отандық бессайысшылар үшін осы жарыс өте маңызды, өйткені Лондонға лицензия алу үшін қажет болатын ұпайларды жинап алуға болады.
Сондықтан АҚШ-қа үш адамнан тұратын ерлер құрамасы ғана барды. Рустем Сабирхузин мен Павел Ильяшенко финалға шыға алмады. Рустемге 12-ші болу үшін 52 ұпай жетпеді, оған себеп болған жүзудегі көрсеткіш – онда Рустем тек 26-шы болды.
Павел де финалдан бір қадамға артта қалды, 13-ші болып аяқтады. Осы раундтан нәтижелі өткен тек қана Андрей Солдатов (10) болды. Финалда бағдарламаның төрт түрінен кейін ол 5556 ұпай жинады, бұл оған 30-шы болуға мүмкіндік берді.
Жеңімпаз атанған ресейлік Илья Фролов (5884), оның соңынан украиндық Павел Тимошенко (5860), 3-ші орында ресейлік Александр Лесун (5832) болды.Келесі кезең наурыздың 15-інен 18-іне дейін Рио-де-Жанейрода өтеді.