ТАРАЗ, 2026 жылғы 10 қыркүйек — Қазіргі заманғы бессайыстан Қазақстанның ұлттық құрамасы Тараз қаласында дайындықтың қорытынды кезеңін өткізуде.

Алда — Жапония

Команда жаттығу циклін аяқтап келеді және 11 қыркүйекте-ақ Жапонияға (Андзё қаласы) жол тартады, онда жарыс өтетін базаларда жаттығу күндерін өткізуге және Азия құрлығының төртжылдықтағы басты стартында өнер көрсетуге мүмкіндік алады.

Алда маңызды жарыстар, спортшылар оларға толық дайындықпен және лайықты нәтиже көрсету ниетімен келіп отыр!

Құрамамызға сенімділік, күш-қуат, сәттілік пен жеңіс тілейміз.

Федерацияның бас серіктесі — Samruk Kazyna, серіктесі — SportQory туризм және спорт индустриясын қолдау қоры.