Вадим Чудновский: «Нәтижелер болады бұл тек уақытты қажет етеді»

Мұрағат

Вадим Чудновский

Туылған күні және орны: 01 қыркүйек 1958 жылЭлектроугли, Москва облысы, Россия

Қызмет түрі: Жаттықтырушы, қазіргі бессайыс 

Жетістіктері:

Қазіргі бессайыстан спорт шебері, Башкирия командасында Россия чемпионы, жеке есепте Россия чемпионатының қола жүлдегері. Білімі – жоғары, 1981 жылы Москва облыстық дене тәрбиесі институтын бітірген, содан кейін жаттықтырушы болып істей бастайды. 31 жыл ішінде мынадай спортшыларды дайындады: спорт шебері, 1985 ж. РСФСР халқының спартакиадасының чемпионы Сергей Петров; 1987ж. Россия чемпионы, ардагерлер арасындағы әлем чемпионы Ильшат Хакимов; спорт шебері, 2007ж. Еуропа чемпионы Евдокия Гречишникова.

1987ж. бастап осы уақытқа дейін еңбек сіңірген спорт шебері, Россия, Қазақстанның, Еуропа және әлемнің бірнеше дүркін чемпионы Рустем Сабирхузинды жаттықтырады.

Александр Парыгин мен Арина Джиенбаланова сияқты атағы шыққан біздің спортшыларымыздың мансабы аяқталған соң, біздің еліміздегі қазіргі бессайыс әлем деңгейінде өз мәнін жоғалтты. Алайда соңғы бір жарым-екі жылдың ішінде бәрі де өзгерді. Жаңа адамдар келуімен Қазақстанда осы спорт түрі серпінді дами бастады, тіпті әлем біріншілігінің медальдары да пайда болды. Еліміздің құрама командасының Бас жаттықтырушысы Вадим Чудновскийден соңғы жетістіктер, кейбір проблемалар, олимпиада лицензияларына талап туралы әңгімелеп беруді, сондай-ақ аралық қорытынды жасауды сұрадық.

- Аргентинада қараша айында қазіргі бессайыстан жасөспірімдердің әлем чемпионаты өтті. Біздің спортшыларымыздың ойындарын қалай бағалар едіңіз?
- Бұған дейін ересектердің әлем чемпионаты болып, өткен жылмен салыстырғанда нәтижелер едәуір өскендігін байқадық. Яғни, Қазақстан құрамасы 19 команданың ішінде былтыр 17-18-ші болса, биыл 8-ші болдық. Сондықтан жаттықтырушылармен ақылдасып, біздің атлеттерімізді жасөспірімдердің әлем чемпионатына жіберу туралы шешім қабылдадық, алайда олардың керемет нәтиже көрсетпейтінін біз алдын ала білдік. Біз үшін маңыздысы – оларды басқалармен салыстыру болды. Онда барлық проблемалар ашылады, неге көңіл бөлу керектігі көрінеді. Олар тиісті нәтиже көрсетті, әрине жігіттеріміз осындай дәрежедегі жарыстарға қатысуға әлі дайын емес. Павел Ильяшенко әрине 1-ші орынға күресуіне болар еді, алайда атуда кішкене сабырсыздық көрсетті. Екінші серияда асығыстық танытты. Москвадағы ересектердің әлем чемпионатында ол жасөспірімдер арасында 3-ші болғандықтан, біз одан жүлделі орынды күткен едік. Әрине тартыс өте қатты болды. Соңғы от шебіне дейін бәрі белгісіз болды, осында Павел тек ағылшындық Джеймс Кукқа ғана дес беріп, екінші орынға шықты. Д. Кук халықаралық деңгейде көбірек қатысқандықтан, нағұрлым тәжірибелі болып саналады.

- Ал қыздар ше?
- Біздің қыздар әлі әлсіздеу. Негізгі проблема – жүзуде. Әйелдер құрамасының көшбасшылары қазір  2.15-тен 2.20 минутқа дейін жүзіп өтеді, кейбіреулері одан да шапшаң, яғни, бессайыста әйелдер құрамасының жүзуі ілгері жылжыды деп айтуға болады. Біздікілер болса 2.30-ға жаңа жетіп жатыр. Дарья Хальзова осындай жарыстар үшін әлі жастау әрине. Мектеп болмай тұр. Жастары ересектеу біздің қызадырымыз Арина Джиенбаланова мен Ксения Александрова  финалға түсті, бірақ жүзу үшін нашарлау нәтиже көрсетті.

- Сіз мұхиттың арғы жағына барып келдіңіз. Акклиматизация қалай болды?
-
Негізі екі-үш апта бұрын келу керек екен, қиындау болды кішкене әрине. Бірақ Павел тезірек бейімделіп, жалпы жартылай финалда проблемалар болғанымен жақсы нәтиже көрсетті. Жүзуі нашарлау, семсерлесуі де төмендеу болды. Ағылшындықтармен дау туындап, біз өзіміздікі шын екендігін дәлелдей білдік. Осы маңызды күресті өз есебімізге шеше білдік, соның нәтижесінде оған финалға түсу жеңілдеу болды.

- Өткен жылы біздің спортшыларымыз Азия мен әлем чемпионаттарына қатысты. Басқа құрамаларға қарағанда, біздің нәтижеміз қандай?
- Қыздарды ересектер чемпионатына біз сол себеппен жіберген жоқпыз. Азиада біріншілігінде олар эстафетада медаль жеңіп алды. Соңғы кезеңде Арина Джиенбаланова жүгірді, ол мінезін көрсетіп, жапондықты қуып жетті. Бұл жерде біз үшін басты проблема болған- лазерлік қару, неліктен екені белгісіз, оны бізге жарысқа 1 күн қалғанда ғана берді, ал Оңтүстік Корея, Қытай құрама командалары 1 жылдан астам онымен дайындалған екен. Яғни, біз әуел бастан тең емес жағдайда болдық. Олармен жарысу қиын болды. Бірақ әлем чемпионатында ерлер құрамасы осы лазерлік қарумен жаттығып алып, жеке және командалық жарыстарда да қытайлықтардан асып кетті, тек корейліктерден жеңіліп қалды. Оңтүстік Кореяның қазіргі бессайыс бойынша федерациясының вице-президентінің айтуынша, осы спорт түрін 12-14 қалада таратқан екен. Не дегенмен, ересектердің әлем чемпионатында біз жақсы нәтижеге жеттік. Егер өткен жылы ерлер құрамасы 20-сыншы болса, енді олар 7-інші, ал эстафетада 6-шы орын алып, Россияның соңынан шықты. Ілгерілеу байқалады. Павел Ильяшенко да жасөсіпірмдік жаста болса да, 11-ші позициядан көріне білді.

- Рустемге келетін болсақ, ол Азия чемпионатында лицензия алуға жақын болып еді...
- Ату үшін оған 5 секунд жетпеді, ал қазір ол от шебінде 30-40 секундқа кем болады. Егер жарысқа дейін 1 ай шамасында лазерлік қарумен жаттыққан болсақ, проблема болмаушы еді. Менің ойымша, Сабирхузин мен Ильяшенко сол жарыста Олимпиадаға түсуші еді. Өкінішке орай, болған іс болды...

- Осы маусымдағы Әлем кубогының екі кезеңінде көрсеткен нәтижелерге Сіздің көңіліңіз толады ма?
- Шарлоттада (АҚШ) мен,әрине, көп үміт күткен едім, тек бір ғана Андрей Солдатов финалға шықты. Рустем Сабирхузин әжептәуір нәтиже көрсеткенмен, бәсекелестік болғандықтан, тіпті мықтылардың 12-сіне де енген жоқ, ол 14-ші болды. Ал Ильяшенко болса, жиын соңына нашар семсерлесті. Бұл оның финалға өтуіне мүмкіндік бермеді. Оның факторлары көп, жарты жылдан астам старт болған жоқ, сондықтан болар, кішкене қобалжу байқалды. Бәсекелестік жоғары болды, әдетте, американдық құрлыққа 40-50 адам келетін, осы жолы 100-ден астам болды. Қандай жағдай болмасын, біз барлығына да дайын болуымыз керек. Сосын Бразилияға ауыстық. Рио-де-Жанейрода біз жақсырақ нәтиже көрсеттік. Бірақ Ильяшенконың семсерлесуі оңалмай қойды. Не себеп болғанын түсіну керек. Андрей Солдатов қа йтадан финалға шықты, ол 3 рет осылай жасап отыр, бұл тұрақтыылықтың көрсеткіші. Бірақ финалда оған семсерлесудің дағдылары, яғни тәсілдер арсеналы жетіспеді. Ильяшенко комбайнда жеңіске жетіп, финалға 20-сыншы орыннан келді бұл жақсы нәтиже.Ол барлық күшін салды, сондықтан болар шешуші раундта оның шамасы жетпей қалды. Рүстем жартылай финалда семсерлесуді жеңіп алды - бұл да жақсы көрсеткіш. Сонымен бессайыс тарихында бірінші рет Әлем кубогының кезеңінде қазақстандықтардың 3-еуі де финалға өтті. Бұдан әрі Солдатов пен Ильяшенко қарқындарын азайтып, қалпына келе алмады. Оны да талқылау керек. Рүстем жалпы жақсы нәтиже көрсетті. Ол 16-шы болды. Нәтижелер өте тығыз болды. Сондықтан ол семсерлесуде қалып қойып, комбайнның соңғы сериясында ол түсіп қалды. Дегенмен, ресми емес командалық есепте 4-ші орын иелендік.

- Осы сәтте жігіттердің Лондонға жолдама алуы қаншалықты мүмкін?
- Қазір әжептәуір ұпай саны бар Ильяшенко мен Сабирхузин. Солдатовтың жағдайы біршама төмендеу. Бірақ алда әлі 4 старт бар, онда жарысу одан да қиындау болады. Мажарстан мен Россиядағы Әлем кубогының кезеңіне әр елден 12 спортшыға дейін жіберіледі. Ал осы мемлекеттердің өзінде деңгей өте жоғары, мықты, яғни 12 венгрлік және сонша россияндар болады. Шиеленіс өте мықты болады. Әрине, біз де тырысамыз. Бұдан басқа, әлем біріншілігіне және Әлем кубогыны финалына барамыз.

- Қазақстанның қысқы чемпионатының қорытындысын шығарып бересіз бе?
-
Негізгі үштіктің алдына үздік нәтиже көрсету мақсаты қойылған жоқ еді. Алайда олар бәрібір алдыңғы шепке шықты. Ильяшенко 1-ші, Сабирхузин 2-ші, Солдатов  - 3-ші болды. Дмитрий Кошельник жақсы нәтиже көрсетті. Ол жас, жасөспірімдік жаста болса да, 4-ші орынға шықты. Қалғандарының дайындық деңгейінің дәрежесін бағалау қиындау. Өйткені мен 1 ай болған жоқпын. Қыздарда 3 көшбасшы бар, олар - Ксения Александрова, Арина Джиенбаланова және Дарья Хальзова. Осындай ретпен олар финалдық хаттамада да орналасты. Қайталаймын, халықаралқ жарыстарда ерлерде де, әйелдерде де жүзу нәтижелері жоғарылады. Қысқа су бойынша өтпелі уақыт - 2.20, егер олар осы нәтижені көрсетсе, басқа түрлерінде де мықты болуы тиіс. Осы жарыста Хальзова 2.24 , Александрова - 2.29, Джиенбаланова - 2.33 уақытын көрсетті. Біздің бүгінгі таңдағы басты проблемамыз осы болып отыр.

- Сіз бұрын Россияда істедіңіз, Қазақстанда 2-ші жылсыз. Ресейліктер мен біздің спортшылардың деңгейін салыстыруға болады ма? Біз көш ілгері қалып қойған жоқпыз ба?
- Әрине, арттамыз. Россияда бессайыспен айналысатын адамдар көп. Олардың федерациясының президенті жаңадан келген Вячеслав Аминов, өте байыпты саясаткер, ол осы спорт түрін алғы жылжытып келеді. Аймақтарда жаңа мектептер ашылуда. Біз де басқа аймақтарда ашуды жоспарлап отырмыз. Қазақстанда да бессайыстың жақсы дәстүрлері бар. Менің ойымша, біз бәрібір де жақсы деңгейге жетеміз. Әзірге, біз әрине, әлсіздеуміз. Алайда Ильященконың өзі жасөспірімдердің әлем чемпионатында россияндардан жақсы болды. Маған барлығы әзілдеп, Москваға 101 км-ден артық жақындама деген талап қоя бастады (күледі). Жалпы, олар біз үшін қуанып, құттықтады.

- Сіз Әлем кубогында біздің спортшылар қандай нәтиже көрсетіп жатқандығы жөнінде айтып өттіңіз. Сіздің ойыңызша, осындай жарыстарды Қазақстанда өткізу мүмкін бе?
- Әрине болады. Біз 2013 жылы Азия чемпионатын өзімізде өткізуді жоспарлап отырмыз. Ал содан кейін Әлем кубогын да өткізугеболады.

- Азия чемпионаты Алматыда өтеді ме?
-
Әлі шешкен жоқпыз. Мен Қазақстанға алғаш келгенімде бірінші жиында Астанадағы базаларды қарап шықтым. Олар жаман емес. Сондықтан Астанада немесе Алматыда да өткізуге болады. Бұл алқалы жиында шешіледі. Жалпы маған Қазақстан ұнайды, мен жаға дам болсам да, жаттықтырушылармен ынтымақтаса жұмыс істейміз. Қайсыбір проблеманы тек бірлесе отырып шешу керектігін мен түсінемін. Мен осының бәрі бұдан әрі серпінді дамиды деп есептеймін.

-  Сіздің ойыңызша, неліктен ресейлік спортшылар Қазақстанға ауысып жатыр, бұл тек бессайыстан ғана емес?
-
Мен тек өзім және өзімнің жігіттерім туралы айта аламын. Басқа түрлер туралы маған айту қиындау. Әркімнің өз жолы бар. Менде жеке себептер бар. Екінші жағынан, маған осында жұмыс істеген ұнайды. Біздің ұжым, ұжымдағы ахуал өте жақсы. Егер мен Ресейде Башкортостан республикасының аға жаттықрыушысы болсам, мұнда мен құрама команданың Бас жаттықтырушысымын. Яғни, менің өз шығармашылық әлеуетімді іске асыру үшін мүмкіндіктерім көп. Ал жігіттерге Ресейде қиындау болды. Онда бессайысшылар көп, бәсекелестік жоғары. Олар Ресейде өз мансаптарына нүкте қоюы тиіс еді. Мен Ильяшенко мен Сабирхузинге бессайысты одан әрі жалғастыру үшін Уфадан осында ауысуды ұсындым. Барлығы да сәтті болды деп ойлаймын, Рүстемнің өз өміріндегі 3-ші Олимпиадаға өту мүмкіндігі бар. Ресейде оның мұндай мүмкіндігі болған жоқ. Ильяшенконың да тағдыры сондай болған, өздеріңіз білесіздер, ол Қазақстан қоржынына күміс медаль әкелді. Ал россияндардың ең мықтысы тек 9-ш орын алды. Міне, олардың ауысуының себебі осында.

- Сіз осында жұмыс істеп жүрген уақытыңызда жергілікті спортшылардың ішінде болашақта Александр Парыгин болатындай спортшылар резерві байқалатынына назар аудардыңыз ба?
- Біздің жасөспірімдер командасы жаман емес, олардың құрамына Дмитрий Кошельник, Иван Ершов және Денис Тюрин кіреді. Егер олар алдыңғы жылы 18 команданың ішінен 17-ші орынды иеленсе, осы жолы біз оларды жаттықтырған соң, әлем чемпионатында 8-ші нәтижені көрсетті. Яғни, серпінді өзгеріс байқалып отыр. Жеке жарыстарда да осындай жағдай. Менің ойымша, бұл тың серпіліс, болашағы бар деп есептеймін. Жалпы алғанда, осында спорттық базалар болмай, жағдай нашарлау болғандықтан, резервпен үлкен проблемалар бар. Қазір біз қоссайыс, үшсайысты дамытқалы жатырмыз. Тараз, Қызылорда, Астана және Қарағандыда бөлімшелер ашылып жатыр. Бір жұлдыз шығатынына мен сенімдімін, өйткені жаттықтырушының жұмысы – ол ізденіс. Біраз уақыттан кейін қоссайыс пен үшсайыстан жақсы пирамида қрап шығарамыз. Сонда міндетті түрде біреулер шығады. Жағдайлар жақсарып жатыр, ендеше адамдар да барады. Нәтиже болады - тек уақыт қажет.

 

Тақырыпқа сай түсініктемелер:

Рустем Сабирхузин: «1986 ж. Уфада мені Вадим Чудновский жаттықтыра бастады. Ол менің ең алғашқы және жалғыз жаттықтырушым. Біз екеуіміз 25 жыл біргеміз. Ол қазіргі уақытта менімен бірге Қазақстанда тұратынына және жұмыс істейтініне мен қуаныштымын. Вадим Максовичті мен екінші әкем деп атаймын».

Павел Ильяшенко: «Вадим Максович, кейде ұрысады, менің ойымша жаттықтырушы сондай болуы тиіс, кейде жақсы, кейде жаман. Жалпы алсақ, ол кәсіпқой, өз ісінің шебері. Мен 2007 жылдан бастап оның қол астында жаттығып келемін. Сол кезден бастап ол өзін жақсы жаттықтырушы ретінде көрсете білді және менің дайындығыма көп еңбегін сіңірді.

Андрей Солдатов: «Вадим Максович жақсы маман. Ол жаттықтыру процесін сауатты ұйымдастырады. Әрбір спортшының жеке қателерін зерделеп, жеке жұмыс жүргізеді. Ол барлық қателерді түзетуге тырысады. Оның жұмысы менің көңілімнен шығады.

Қазақстанның ерлер құрамасының аға жаттықтырушысы Дмитрий Тюрин:

«Бізге келген уақытқа дейін Вадим Чудновский ұзақ уақыт бойына Россияда жұмыс істеді, онда бірқатар оқушыларды тәрбиеледі, солардың бірі - Рустем Сабирхузин. Ол бала кезінен бірге жұмыс істеп келеді. Жарты өмірін бірге өткізген жаттықтырушы мен оқушы. Рүстемнің нәтижелері жаттықтырушының класын көрсетеді».

Егор Ильин