Өткен маусым бойы және осы жылдың жартысы ішінде отандық бессайысшылар төртжылдықтың басты жарысына өту үшін қажет болатын рейтингтік ұпайлар үшін күресті. Лицензиялық кезең маусым айының басында мәресіне жетті.

Біздің екі спортшымыз Лондонға жолдама алды, сондықтан біз олар осы жетістікке қалай жетті және олардың Олимпиададағы мүмкіншіліктері туралы сөз қозғаймыз.

Лондонға жол

Бессайысшыларды іріктеу өткен көктемде-ақ басталып кеткен болатын, сонда отандық бессайысшылар алғаш рет халықаралық рейтингтік жарыстарға қатысты. Өткен жылдың мамыр айында қытайлық Чэндудегі Азияның біліктілік чемпионатында жеңіске жақын болған Рустем Сабирхузин еді (суретте сол жақта). Оған Лондонға жолдаманы ертерек алып қоюы үшін бір ғана орын жетпеді. Дегенмен алтыншы орын да жақсы көрсеткіш болды. Бірақ өз күшіне сенімділігі мол Рустем рейтингі бойынша іріктелуі үшін басқа жарыстарға бар күшін салып дайындалды. Алайда тұрақты нәтижелер көрсетпеді, көбіне Әлем кубоктарының кезеңдерінде және планета біріншіліктерінде финалға жетпеді, сондықтан Сабирхузин Қазіргі бессайыстың Халықаралық федерациясы ұсынған Олимпиадаға қатысушылардың алдын ала тізімінде өзінің аты-жөнін таппады. Дегенмен, ол үшін түпкілікті тізімде орын табылғандықтан, Рустем өз мансабындағы үшінші Олимпиадаға баратын болды.

Біздің басқа атлетіміз, Қазақстанның ерлер құрамасының ең жас мүшесі Павел Ильященконың төртжылдықтың басты жарысына жолдама алуға арналған жолы басқаша қалыптасты. Басқаша айтқанда, біршама жеңілдеу болды. Барлық құпия – оның бірнеше маңызды жарыстарда жоғары нәтижелерге қол жеткізе білуінде. Мысалы, өткен жылы Мәскеуде өткен ересектер арасындағы әлем чемпионатында ол қорытындыда 11-орынды, ал жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігінде күміс жүлдегер атанды. Осы жылы Ростовтағы Әлем кубогының кезеңінде өз мансабында алғашқы рет төртінші орынға шықты. Сондықтан да оның лондондық жарысқа қатысатын 36 ойыншының арасында болуы таңқаларлық жағдай емес. Осылайша, Қазақстанның ерлер құрамасы олимпиадалық квотаны толығымен иеленді, өйткені бір елдің атынан тек екі спортшы ғана шыға алады.

Құрамның ауысуы

Әрине, біздің екі спортшымыздың Олимпиада ойындарына өтуінің өзі біз үшін үлкен жетістік, өйткені Пекин, Афины және Сиднейдегі ойындарда ерлер бессайысыннан ешкім шыққан жоқ. Біздің еліміздің намысын қорғаған әйелдер ғана болды: Людмила Шумилова, Галина Долгушина және әйелдер командасының көпжылдық көшбасшысы Лада Джиенбаланова.

Бүгінгі таңда жағдай өзгерді, аты шыққан әйел спортшыларымыз спорттан кеткен соң, сахнаға ерлер шықты. Біздің жігіттер ең басты міндетті орындады - Лондонға жолдама алды. Регламент бойынша бір елдің атынан тек 2 спортшы ғана қатыса алатындықтан, бұған әрине, Халықаралық федерациямен белгіленген ережелердің де көмегі тиді. Өйткені рейтинг және жетістіктері бойынша 3 немесе 4 атлеттен өткен елдер артықтарын алып тастауы тиіс еді. Нәтижесінде, Лондонға жолдаманы басқа елдердің өкілдері алды, солардың бірі – Рустем Сабирхузин болды.

Бұл жерде біздің құраманың үшінші мүшесі Павел Солдатовты да еске алмауға болмайды, оның да нәтижелері жақсы еді. Өкінішке орай, ол Лондонға іріктеліне алмады, бірақ сонысымен біздің жаттықтырушылардың жұмысын жеңілдетті. Егер ол да кезекте тұрса, онда екеуінің біреуін таңдау қажет болушы еді.

 

Тағдырыңа не жазылса, соны көресің

Ильяшенко мен Сабирхузиннің Олимпиада ойындарындағы мүмкіндіктеріне келетін болсақ, олар қандай орынды иеленсе де, олардың 36 ойыншымен бірге Олимпиада ойындарына өтуінің өзі – үлкен жеңіс. Осы Олимпиаданың басты фавориттері россияндықтар болатыны сөзсіз. Ресейлік тәлімгерлердің алдында қиын таңдау болды, өйткені олардың төрт бірдей спортшысы Лондонға іріктелді. Олар Андрей Моисеев – екі мәрте олимпиада чемпионы (2004, 2008 жж.), әлем чемпиондары: Александр Лесун (2012 ж.), Сергей Карякин (2010 ж.) және Илья Фролов (2008 ж.). Нәтижесінде алтын үшін күрес екі ресейлік және әлемдік мықты спортшының арасында өтеді. Олардан басқа біздің спортшыларымызбен бірге бәсекелестікке түсетін бірнеше рет Әлем кубоктарының жеңімпазы болған, көптеген жүлделі орындарды иеленген итальяндықтар мен венгрлер болады. Соңғы уақытта британдықтар да алға жылжыды, бірақ олар іс жүзіндегі әлем чемпионы Джеймс кукты құрамаларынан шығарып тастаған.

Осы Кук Буэнос-Айресте (Аргентина) біздің Павел Ильященконың алдын ораған болатын (суретте оң жақта). Бірақ Джеймссіз де олардың құрамы өте мықты. Біздің оңтүстік кореялықтар мен өте жылдам жылжып келе жатқан қытайлықтарды да есептен шығаруға болмайды. Көбіне солар үшін де біз соңына дейін лицензиялардың түпкілікті тізімін күткен болатынбыз.
Осылайша, біздің жаттықтырушылар Олимпиада ойындарына қойылған міндеттерді әлі жариялаған жоқ, ал спортшылар болса, қолдарынан келгенінше жақсы өнер көрсетуге тырысатындықтарын мәлімдеді. Дегенмен, мықтылардың ондығына ілігу біздің спортшыларымыз үшін үлкен жетістік болар еді. Ал шын мәнінде жағдай қалай болатынын жақын арада білетін боламыз, өйткені Олимпиада ойындарының басталуына бір ай ғана қалды.

 


   Егор Ильин