Велошабандоз Егор Силин 2012 жылдан бастап қазақстандық «Астана» командасының атынан шығатын болады, - Cyclingnews –ке сілтеме жасап хабарлайды РИА Новости
Өзінің кәсіби шабандоз мансабын ресейлік «Катюша» командасында 2010 жылы бастаған 23 жасар спортшымен келісім-шарт 2 жылға жасалатын болады.
Қазақстандық команданың мамандарының айтуынша, соңғы жылдар қатарында Силин жақсы нәтижелер көрсетіп келеді, аты шыққан «Джиро дИталия» жарысының жастар арасындағы аналогы болып табылатын итльяндық «Джиро-Био» көпкүндігінде 2009 жылы пьедесталға көтерілді, сол жылы 23 жасқа дейінгі тас жолдық веложарыстан әлем чемпионатында қола медальді иеленді. «Астана» осы ресейлік спортшыдан басқа тағы да екі спринтермен: Франческо Гавацци (Lampre-ISD) мен Джакопо Гуарньеримен (Liquigas-Cannondale) күшейтіледі