ИМАШЕВ Берик Мажитович – Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы, мемлекеттік және саяси қайраткері. Қазақстандық қазіргі бессайыс федерациясы Президенті, Қазіргі бессайыс халықаралық одағының (UIPM) вице-президенті.
1960 жылы 7 маусымда Алматы қаласында заңгерлер отбасында дүниеге келді. 1977 жылы Қарағанды орта мектебін бітірді.
1982 жылы М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің заң факультетін құқықтану мамандығы бойынша үздік бітіріп шықты.
Қызмет жолын прокуратура органдарында бастады. Бірнеше рет КазССР және Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бұйрықтарымен марапатталды.
Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі, ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы қызметін атқарды.
2008 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен ҚР Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды.
Осы жылы Заңнама және құқықтық реформа жөніндегі комитет төрағасы болып тағайындалды. 2011 жылдан бастап Парламент Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқықтық органдары жөніндегі комитетінің төрағасы.
«Құрмет», «Парасат» ордендерімен, ТМД Парламентаралық Ассамблея Кеңесінің Құрмет грамотасымен, «Астанаға 10 жыл» мерейтой медалімен марапатталған. Ю.Семеновтың «Детектив және саясат» Халықаралық қоры сайлығының лауреаты. «Құқыққа қарсы банкроттың криминологиялық проблемалары» кітабының авторы.
Жұбайы Лейла Мұханбетқызымен үш баласы - қыздары Аиданы, Әдияны және ұлы Әлжанды өсірді.