31 мамырда Нижний Новгород қаласында қазіргі бессайыс бойынша Әлем кубогының финалы басталуда, оған екі қазақстандық спортшы қатысады.

Бұл кезеңге төрт кезеңнің қорытындылары бойынша 36 мықты спортшылардың қатарына енген бессайысшылар өтеді. Финалға қазақстандық Павел Ильяшенко мен Арина Джиенбаланова өтті. Қазақстанның құрама командасының бас тренері Вадим Чудновский Vesti.kz-ке берген сұхбатында спортшылардың жоспарлары жөнінде айтпауға тырысты:

- Павел Ильяшенко қазіргі кезде Қапшағайдағы базада, ал Арина Джиенбаланова Алматыда машықтануда, 29 мамырда Ресейге ұшамыз. Болжам жасауға әлі ерте, Нижний Новгородта болғанда көреміз, – деді Чудновский.

- Әлем кубогының кезеңдерінде атлеттердің көрсеткен нәтижелеріне ризасыз ба?

- Павел да, Арина да жақсы кейіпте. Джиенбаланова екі кезеңге қатысып, 11 және 9 орындар алды. Ол юниор екенін еске алатын болсақ, бұл жақсы көрсеткіштер. Қазір ол жүзуден «ақсайды», кейін жүзуді жақсартқан кезде, одан да жоғары орындарға қол жеткізе алады. Ильяшенко болса, былтырғы Әлем кубогындағы оның ең жақсы көрсеткіші төртінші орын болса, осы маусымда – оныншы. Алайда Павелдың көрсеткіштері тұрақтана бастады. 2012 жылы АҚШ-тағы Әлем кубогының кезеңінде ол финалға өте алмай, Бразилияда іріктеуден әзер өтті. Осы жолы екі кезеңдерде Ильяшенко финалға сенімді өтті. Алайда біз одан да жоғары көрсеткіштеді күтудеміз. Кезеңнің қорытындысы бойынша ол әлем рейтингісінің алғашқы ондығына енуі тиіс деп ойлаймын. 

- Құрамада ұрпақтардың алмасуы өтті, мансабын аяқтаған бессайысшылар қандай септігін тигізуде?

- Арина Джиенбаланованың жеке тренері - оның анасы. Басқа қазақстандық спортшы Нұржан Құсмолданов жаттықтырғысы келеді, оған қызмет іздестірудеміз. Ал Евгений Тебеньков Қызылордада жаңадан ашылған қазіргі бессайыс бөлімшесінде балаларды жаттықтыруда. Барлығын қаттыстыруға тырысамыз.

Қазіргі бессайыс бойынша Әлем кубогының финалы Нижний Новгород қаласында 31 мамыр – 2 маусым аралығында өтеді.