Қапшағайда бозбалалар мен қыздар арасындағы қазіргі бессайыс бойынша Қазақстан Республикасының Ашық Жазғы Чемпионаты аяқталды. 

Бағдарламада: семсерлесу, ату, жүзу, атпен салт жүру және комбайн (жүгіру мен ату).

Жарысқа 22 қыз және 40 бозбала - Қазақстан, Ресей, Өзбекстан және Қырғызстанның бессайысшылары қатысты.

Жарыстың қорытындылары бойынша қыздар арасында бірінші орынды 5128 ұпай жинаған Коллегова Юлия алды, екінші орынды – 4972 ұпайымен Хаизова Дарья, үшінші орынды – Александрова Ксения – 4884 ұпай.

Бозбалалар арасында бірінші орында - 5404 ұпайымен Кошельник Дмитрий, екінші орында – 5252 ұпайымен Созинов Игорь және үшінші орында - 5232 ұпай жинаған Тюрин Денис.

Командалық сынақта жарыс жеңімпаздары: 16632 ұпай жинаған қазақстандық бессайысшылар - Солдатов Андрей, Сабирхузин Рустем, Кошельник Дмитрий.

Екінші орында Ресей командасы: 16548 ұпай жинаған Панькин Андрей, Лебединец Алексей және Зиятдинов Ринат.

Үшінші орынға қазақстандық бессайысшылардың басқа тобы қол жеткізді: Созинов Игорь, Тюрин Денис, Зимарев Леонид. Ортақ сынақта топ 15664 ұпай жинады.

Естеріңізге сала кетсек, бессайыстың жеңіске үміткерлері Джиенбаланова Арина мен Ильяшенко Павел денсаулық жайлары бойынша турнирге қатыспады.

 

Қазақстандық қазіргі бессайыс федерациясының

баспасөз қызметі