Каошинг қаласында 18-28 тамыз аралығында қазіргі бессайыстан өткен Әлем чемпионатында Юлия Колегова, Арина Джиенбаланова, Павел Ильяшенко и Андрей Солдатов сынды спортшылар бас сынады.
Финалға Павел Ильяшенко мен Юлия Колегова шықты. Андре Солдатов финалға өту үшін бір орын жетпей қалды. Танымал италиялық спортшы Де Лука да ақтық сынға жете алмады. Оларға не бары 5 секунд жетпеді.
Бәрінен де Юлия Колеговаға қиын соқты. Өйткені ол бір жылдан астам уақыт халықаралық сайыстарда өнер көрсетпеген болатын. Осы жайт оған кері әсер етті. Әсіресе қылыштасу спортында осалдық танытты. Бірақ ат жарысында тамаша нәтиже көрсетіп 1-ші орынға ие болды.Соңында көздеп атудан аздап кейін қалып 65 қатысушының ішінен 30-шы орынға шықты.
Павел Ильяшенко жартылай финалға өтті. Әринеол ең аз дегенде үздік ондыққа ілінеді деген үміт болған. Бірақ оперцацияның әсері тиген болуы керек, ол атудан кейін оның аяғы ауырып қашықтықтан шығып қалуына тура келді. Сөйтіп 80 спортшының арасында 36- орынды еншіледі. Медициналық тексерістен кейін дәрігер оған Азия Чемпионатына дпйын болуы үшін дәрігерлік көмек қажет екенін айтты.
Өкінішке орай, Арина Джиенбаланова Азия Чемпионатында өнер көрсете алмауы мүмкін. Ол қазір дайындықты бастап кетсе де, ол уақытқа дейін өз бабына келуі екіталай.