Спорт додасына әлемнің 22 елінен 65 спортшы қатысты.

Қазақстандық жеткіншектер алғашында сайысты үлкен тегеурінмен бастап аяғына қарай аздап бәсеңсіп қалды. Дегенмен біздің спортшылардың көрсеткен нәтижесінде алға жылжу бар екенін атап өту керек. Әрине әлемдік рейтингте жақсы орындарға ие болу үшін техниканы жетілдіріп әлі де жұмыс жасау қажет. Сонымен жас бессайысшылардың Әлем чемпионатындағы нәтижесі төмендегідей:

- жеке командалық сайыстарды:

Денис Тюрин - 4328 ұпаймен 24 орын,

Игорь Созинов - 4128 ұпаймен и 33 орын,

Павел Котков - 3688 ұпаймен 52 орынды иеленді.

- эстафеталарда:

Созинов И. Тюрин Д. Дроботов А. жалпы есепте 4404 ұпай жинап- 12 команданың арасында 9 орында.

- MIX эстафетасында:

Олеся Мыльникова пен Денис Тюрин қорытынды есеппен 5092 ұпай жинап 13 команданың арасында10 орын алды.

Естеріңізге сала кетейік, 2013 жылдың 26 қыркуйегінен 4 қазан аралығында Астанада қазіргі заманғы бессайыстан Азия Чемпионаты өтеді. Онда біздің спортшылар барлық күштерін салып өз тәжірибелерімен шеберліктерін көрсетіп Азия құрлығында мықты атануға мүмкіндік алады. Спортшыларымызға сәттілік тілейміз!

КФҚБС баспасөз қызметі

Астана қ. т. 740718