Бүгін қазақстандық бессайысшылар Павел Ильяшенко мен Рустем Сабирхузин Лондондағы Олимпиада ойындарының алдында өздерінің дайындықтарын жан-жақты өңдеу үшін Польшаға аттанады.
Лондонда бессайысшылар жабылар сәтте, яғни 11 тамызда шығатындары жөнінде sk-sport.kz порталы еске салады. Біздің қазақстандық бессайыс федерациясының айтуынша, Ильяшенко мен Сабирхузин Ұлыбритания астанасына 7 тамызда жөнеледі.
Ал олардың Польшадағы дайындығы жөнінде айтар болсақ, онда бірнеше елдердің өкілдерімен – АҚШ, Польша, Германия, Корея, Литва біріккен жиын өткізеді. ...Біздің екі олимпиадашыларымыздың бірі – Ильященко шілде айында Алматы облысының Қапшағай қаласында өткен Амангелді Иманов атындағы халықаралық жарыстың басты кейіпкеріне айналды. Алдымен Павел жеке жарыста жеңімпаз атанып, кейіннен басқа жүлдегерлер Андрей Солдатов және Леонид Вимаревпен бірге эстафетада жеңіске жеткен Қазақстанның бірінші командасының құрамына кірді. Ильященко бастаған триомен бірге құрмет тұғырына Кореяның және Қазақстанның екінші командасының (Герман Соболев, Иван Ершов и Дмитрий Кошельник) бессайысшылары шықты.
Ал қазіргі бессайыстың екінші олимпиада ойыншысы Рустем Сабирхузин болса, денсаулығын қалпына келтірумен айналысып, Иманов мемориалына қатыса алмады. Дегенмен құраманың жаттықтырушыларының айтуынша, Олимпиада ойындарына ол толық дайындықпен шығатын болады.
Расул Сарсенов