Қазіргі бессайыстың біздің елімізде бай дәстүрлері бар. Қазақстанда осы спорт түріндегі ең үлкен жетістікті Александр Парыгинмен байланыстырады, ол Атлантада Олимпиада-96 алтын медалін иеленген болатын. Енді, міне, 15 жылдан соң қазіргі бессайыстың отандық көкжиегінде жаңа жұлдыз жағылды, оның есімі халықаралық аренаға таныс бола бастаған - Павел Ильяшенко.
Павел Ильяшенко – Қазақстан құрамасына кіретін бессайысшы.
Туылған күні: 23.06.1990, Уфа (Россия)
Жетістіктері:
- Буэнос-Айрестегі, Аргентина (2011 г) жасөспірімдердің әлем чемпионатының күміс жүлдегері;
- 2012 ж.ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатының жеңімпазы;
- 2010ж. жасөспірімдер арасындағы чемпионат жеңімпазы;
- 2010 ж.ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері;
- 2011ж. Азия чемпионатында 9-орын;
- 2011ж. әлем чемпионатында 11-орын.
- Сіз үшін жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының күміс медалі сіз үшін нені білдіреді?
- Бұл менің спорттағы үлкен табысым. Мен осыған ұмтылдым, енді, міне, орындадым.
- Құрмет пьедесталында тұрғанда қандай сезімде болғаныңызды есіңізге түсіріңізші.
- Өзім үшін, елім үшін мақтаныш, бір міндетті орындаған сезім биледі. Бұдан басқа, ірі халықаралық жарыстарда жеңіске жете алатындығымды мен өзіме дәлелдедім.
- Сіздің Аргентинадағы қарсыластарыңыз туралы әңгімелеп беріңізші.
- Бірінші орын алған британдық Джеймс Кук болды. Ол өте шапшаң жүзеді, оның активінде әлем рекорды бар. Ол сияқты әлемдегі ешқандай бессайысшы жүзе алмайды. Джеймс шынында да нағыз жүзушінің техникасын көрсетті. Менің ойымша осынша шапшаң жүзу мүмкін емес. Шын жүзушілердің өздері де оны үлгі тұтады. Мені ешқашан ешікм солай жүзуге үйреткен емес.
- Сізге бірінші орын алу үшін жетпеген 20 ұпай – бұл бессайыста көп пе, әлде аз болып есептеледі ме?
- Бұл өте аз. Оны жүзудегі екі секундпен немесе семсерлесудегі 1 шаншумен салыстыруға болады.
- Сізден 4 ұпайға кейін қалған неміс Александр Нобис туралы не айта ласыз?
- Бұл жүгірудегі 1 секунд, оған жеңілдеу болды, ол мені көріп тұрды ғой, мен оны көрген жоқпын. Егер неміс мені қуып жетсе де, оның алға озып кетуі екіталай еді.
- Сізге медальдар жеңіп алу үшін жүзуден басқа барлық түрлерде бір деңгейде өнер көрсету керек пе?
- Әрине, мысалы, қытайлық Дживей Лю нашарлау бастады. 1-ші түрден кейін ол 33- орында ғана болды, өзінің нашар семсерлесуін көрсетпей, жүзуде маған жетіп алды.
- Сіз бессайыспен неше жыл қатарына айналысып келесіз?
- Мен 12 жыл жаттығып келемін. Алдымен мен 10 жастан 12-ге дейін жүзумен айналыстым. Дәл осы кезде мен қоссайысқа қатыса бастадым, онда 1 км жүгіріп өтіп, 100 метр жүзу қажет. Сол кездері жақсы нәтижелер көрсетіп, Россия құрамасына кірдім.
- Бес түрдің қайсысын сіз ұнатасыз?
- Жүзуді онша ұнатпаймын. Ату бірде былай, бірде олай, ештеңе жасай алмайсың, тіпті жаттықтырушы да көмектесе алмайды. Мен үшін бәрінен жеңілі- жүгіру.
- Біраз уақыттан бері бессайысқа лазерлік қаруды енгізді. Осы факт нәтижелерге қатты әсер етеді ме?
- Бұрын 10 метр қашықтықтан атқан уақытта қанша ұпай алғаныңды көруге болатын. Барлығы нысанада есептеліп, бір нәтиже болатын. Ал қазір атудың ешқандай мәні жоқ, Бұған дейін үйренгеннің бәрі қажетсіз болып қалды. Қазір атудың ешқандай техникасы керекгі жоқ. Қолыңды тез көтеріп тұрсаң болғаны., барлығы жылдамдыққа байланысты. Менің ойымша, мұны ату деп айтуға болмайды.
- Осы жылы сіз Азия чемпионатына қатысып, 9-орынды иелендіңіз. Жапон, кәріс, қытайлық спортшылармен жарысу қаншалықты қиын болды?
- Менің ойымша, егер біз лазерлік қарумен 2 айдай жаттыққан уақытта, үштікке кірер едік. . Рустем Сабирхузин екеуіміз 1-ші және 3-ші орынды иеленер едік. Ал бізде дайындыққа уақыт аз болғандықтан, біз лазерді жарысқа 3 күн қалағанда ғана алдық, бірінші рет қолымызға алып, қалай қолданатынын да білмедік. Әрине, осы тұрғыдан бізге едәуір қиындау болды. Атудағы сәтсіздіктерімізді жүгірумен жуып-шаюға тырыстық.
- Осы жарыстарда сіз эстафетаға қатысып, мықтылардың 3- тігінен көріне білдіңіз. Қайсысында қиындау – жеке жарыста ма әлде командалықта ма?
- Шын мәнінде, екеуінде де қиын, эстафетада серіктестермен бірге жеңіске жетуге ынталанасың.
- Сіз қайсысы үшін - жеке өзіңіздің алтыныңыз үшін әлде командалық үшін қатты қуанар едіңіз ?
- Әрине, жеке өзімдікіне, бірақ командалық та жақсы болар еді.
- Қыркүйекте сіз Москвадағы ересектер чемпионатына қатыстыңыз. Ондағы спортшылардың деңгейі қандай? Біз олардан көп қалып қойдық па?
- Меніңше, көпке қалыс қалған жоқпыз, бірақ ол уақыт еншісінде. Біздің Қазақстанда жаттыққанымызға 1 жыл да болған жоқ. Алайда біздің әлемдік деңгейде жарысуға мүмкіндігіміз бар, меніңше, біз олармен тең дәрежеде күресе аламыз. Ең бастысы – біз халықаралық жарыстарға көбіреу баруымыз керек, осы ретте бізге Федерация қолдау көрсетсе.
- Москвада сіз 11-ші тұғырдан көріндіңіз, бұл сіздің осы сәттегі деңгейіңізге сәйкес келеді ме?
- Бұл орын менің осы сәттегі жағдайыма толық сәйкес келеді деп есептеймін.
- Осыған дейін сіз Ресейде жаттықтыңыз ба?
- Мен Ресейде туылып, сонда жаттықтым.
- Ресейліктер өз чемпионаттарында 1,2-орындарды иеленді. Бұрын олар сіздің команда бойынша серіктестеріңіз болды ма, әлде сіз оларды білмейсіз бе?
- Мен оларды білемін. Бірақ менің жасым олардан кіші, мен ересектер чемпионатына бірінші рет шықтым.
- Егер сіз осы жылдағы барлық жарыстарға көз жүгіртіп қарасаңыз, жетістік жақын жерде екенін сезіндіңіз бе?
- Сезіндім, мен күттім, дайын болдым. Маған не жетіспейтіндігі жөнінде ойландым. Ең соңында, барлығы да келді. Мен көп жаттықтым және барлығы менің қолымнан келетініне сендім.
- Жуыр арадағы жоспарларыңыз туралы айтып бересіз бе?
- Лондондағы Олимпиадағы өтсем деймін. Менің әлем чемпионатына алғашқы қатысуым – оның өзі жартылай жетістік. Жеке есепке қажет маңызды ұпайлар жиналды.
- Жалпы сіз спортта неге қол жеткізгіңіз келеді?
- Әрине, олимпиада чемпионы болғым келеді. Меніңше, бұл кез келген спортшының басты мақсаты.
- Бір алтыннан кейін, екінші, үшінші........?
- Солай шығар, бірінші орын алған соң, ешкімге жеңілгің келмейді. 1-орынды иеленгесін, өз жетістігіңді қорғай білу қиындау болар...
- Сіз бессайыста сізбен болған бір қызықты оқиға туралы айтып бере аласыз ба? Мүмкін сіз аттан құлап қалған шығарсыз?
- Мен ол туралы айтқым келмейді (күледі), өйткені, егер айтпасаң, онда құламайсың. Ал егер аттан ешқашан құламаймын, сенімді отырамын деп айтсаң, онда міндетті түрде құлайсың. Ал мен салт жүруге Уфада үйрендім, онда мектеп жақсы болатын. Мені құлату үшін ат көп күшін салуы керек. Мен оның басына отырсам да, мені құлатуына мүмкіндік бермеймін. Сосын бізде мынадай дәстүр бар, егер сен аттан құласаң, барлығын көңілдендіріп, бұдан әрі құламас үшін торт әкелуің керек.
- Сіздің жаттыққанда мініп отыратын, жақсы көретін атыңыз бар ма?
- Мен аттарға жеке бөліп қарамаймын, ешқайсысын ренжіткім келмейді, әрқайсысына деген кішкене болсын махаббатым бар.