ҚР қазіргі бессайыс федерациясының бас хатшысы Дмитрий Тюриннің айтуынша, Алматы қаласында желтоқсан айының соңында өткен Республиканың қазіргі бессайыс бойынша ашық Кубогының бағдарламасындағы Қазақстан Республикасының ашық біріншілігі осы спорт түрінің біздің елімізде дамуына жаңа серпін берген тәрізді.
Атақты маман sk-sport.kz интернет-порталына берген сұхбатында ішкі біріншілік рекордтары, жас спортшыны даярлау ерекшеліктері туралы әңгімелейді, сондай-ақ 90-шы жылдары Александр Парыгинге қазіргі жағдайлар ұсынылған болса, Атлантаның олимпиада чемпионы Аустралияға ауысып кетпес еді деп есептейді.
– Осындай турнирларда өздігінше кадрлар байқауы жүзеге асырылады,-деп бастады әңгімесін Тюрин. – Мұнда біз команданың негізгі және резервтік құрамын анықтаймыз, спортшылардың жас буынына назар аударамыз, болашақта өз елімізде де, сондай-ақ халықаралық жарыстарда да жоғары нәтижелер көрсетуі мүмкін дарындарды қарастырамыз.
– Осы жарыстар дүрлікпе тудырды деген сөз таралып жүр…
– Бұл жарыс спортшылардың саны бойынша рекордтық болды. Егер бұған дейін біз Қырғызстан мен Өзбекстанның командаларын қоса алғанда 40 қатысушыға дейін жинасақ, осы жолы 150 қатысушы ниет білдірді. 40 адам шамасында ересектер, сонша жасөспірімдер, сондай-ақ В тобында өнер көрсеткен жастар да бар. Бұрынғы жылдары ең керемет дегенде 10-ға дейін спортшы жиналатын, есепті турнирде 25 бессайысшы әйелдер қатысатын.
– Сіздің көңіліңізден шығып, таңқалдырған спортшылар пайда болды ма?
– Жасөспірімдер арасында Максим Леонидов қуантты. Өткен жылы ол тасадан тыс болып еді, осы жолы көптеген бөліктерде жақсы нәтиже қосты.
– Бессайыстың Қазақстанда дамуы Сіздің көңіліңізден шыға ма?
– Соңғы екі жылда жағымды динамика байқалып отырғаны шүбәсіз. Еліміздің құрама командасы Қапшағайда салынған дербес жаттығу базасын иеленді. Өткен жылдың өзінде ішкі жарыстарда тек Алматы және Алматы облысының өкілдері ғана қатысса, осы жылы жаңа аймақтар – Қызылорда, Тараз, Ақтөбе облысы және Астана пайда болды. Жазда біз Қарағандыны да тартуды көздеп отырмыз. Географияны кеңейту бәсекелестікті туғызады. Осы жарыстардың өзін алатын болсақ, В жасөспірімдері санатында Тараздың спортшысы жеңімпаз атанды, Қызылордадан келген жасөспірімдер де жақсы көрсеткіштерге қол жеткізді – төртінші және бесінші орындарды иеленді.
– Жас бессайысшыны даярлаудың басты ерекшелігі неде?
– Қазіргі бессайысқа негізгі даярлығы бар балалар 14-15 жасында келеді. Осының бәрінің негізі жүзу болып табылады. Осы жаста адамды жүгіруге және семсерлесуге үйрету мүмкін, бірақ жылдамдыққа жүзетін спорттық жүзуге үйрету мүмкін емес. Сондықтан біз көбіне жастарды жүзу базасына және спорттық режимге үйрететін жүзу жөніндегі спорттық үйірмелерге барамыз. Кейде бізге ақылы топтардан келіп жатады. Егер біз мықты жағын байқасақ, спортшыны кідірместен өзімізге аламыз. Әрине, бұл істе ең бастысы денсаулық. Шынымды айтатын болсам, қазір толықтай дені сау баланы табу өте сирек кездеседі. Патологиямен келеді, басым бөлігін дерлік бас сүйек ішіндегі қысым мазалайды. Өздеріңізге мәлім, осындай қарама-қайшылықпен кәсіби спортпен айналысуға болмайды.
– Бастауыш дайындыққа арналған топтар үшін спорттық үйірмелердің көбі – ақылы. Баласы бессайыспен айналысқысы келген ата-анаға қанша шығын жұмсау қажет?
– Егер бала іріктеуден өтсе және біздің спорт түрінің үйірмесіне түссе, онда ол кәсіпқой болғаны және мемлекеттің қамтамасыз етуінде болады, яғни спортшыны тамақтандыру және оқыту тегін жүзеге асырылады. Қазіргі бессайыс спорттың арзан емес түрі екендігі басқа мәселе. Ата-аналар үшін шығындардың басты бөлігі – спорттық форма. Біз, әрине, бұл шығындарды өздігімізден жабуға тырысамыз, бірақ кейде спортшының отбасына бір затты қосымша сатып алуды қажет ететін жағдайлар болып жатады. Ойлап қараңызшы, спортшының құрал-жабдығы 25-тен 35 кг-ға дейін жетеді. Бұл тек формасы ғана. Егер бағалар бойынша қарайтын болсақ, ең қарапайым семсерлесу костюмі жуық шамамен $100-150, ал халықаралық жарыстарға арналғаны $400-600 тұрады. Атта салт жүруге арналған бриджи – $50-ден $200-ге дейін, күнделікті киюге арналған етік – $50, турнирлік – $200-ден $1000-ға дейін. Жаттығуға арналған семсер $15-20, ал халықаралық жарыстарға арналғаны $80-150 көлемінде болады. Жүгіруге арналған лосины – $50-150, кроссовки $100 және т.с.с.
– Қазақстандық бессайыстың ғаламдық проблемасын атай аласыз ба?
– Бізде әзірше жеткілікті бәсекелестік байқалмайды. Осыдан, бессайысты аймақтарда дамыту бағдарламасы көзделіп отыр. Қаншалықты көп спортшы алсақ, бәсекелестік те соншалықты жоғары болмақ, нәтижелер де өседі. Өкінішке орай, қаржылық жағының барлығы осы көрсеткіш бойынша ғана қалыптастырылады. Егер біз халықаралық алаңда жоғарылайтын болсақ, онда елдің ішінде де осы спорт түрін дамыту үшін барлық қажетті жағдайлар пайда болады.
– Кезінде Атлантада олимпиада чемпионы атанған Александр Парыгин (суреттегі) жоғары нәтижелерге қол жеткізген болатын...
‐ Ол кезде өте қиын кезең болды. 90-шы жылдары спорттық даярлықтың кеңестік жүйесі толығымен бұзылды. Сол уақыт барлықтары үшін қиын болды. Біреулер жоғары көтерілді, ал кейбіреулер, Александр сияқты шетелге кетіп, көп нәрседен құралақан қалды. Егер ол қазір Олимпиаданы жеңіп алса, осы жеңіске деген көзқарас мүлде басқаша болар еді. Бәлкім Парыгиннің өмірі де басқаша болар еді. Ол Аустралияға жақсы өмір соңында кетпес еді деп ойлаймын.
Қазақстан Республикасының қазіргі бессайыс бойынша Ашық Кубогы
Ерлер
1. Павел Ильяшенко (Астана)
2. Дмитрий Кошельник (Алматы)
3. Рустем Сабирхузин (Астана)
Жасөспірімдер
1. Дмитрий Кошельник (Алматы)
2. Денис Тюрин (Алматы)
3. Тимерлан Айтимбеков (Кыргызстан)
Жігіттер
1. Дмитрий Кошельник (Алматы)
2. Денис Тюрин (Алматы)
3. Максим Леонидов (Алматы)
Командалық жарыстар
1. Қазақстан құрамасы -1 (Павел Ильяшенко, Дмитрий Кошельник, Рустем Сабирхузин)
2. Қазақстан құрамасы -2 (Андрей Солдатов, Денис Тюрин, Максим Леонидов)
3. Қырғызстан құрамасы (Данияр Бактыбеков, Тимерлан Айтимбеков, Тилек Талайбеков)
Николай ЖДАНОВ
http://sk-sport.kz/articles/show/723