Мәскеуде қазіргі бессайыстан дәстүрлі түрде өткізілетін халықаралық «Кремль Кубогы» турнирі болып өтті.

Ерлер арасында биылғы маусымдағы көшбасшылардың бірі саналатын ресейлік Александр Лесун жеңіске жетті.  Ал, қыздар арасында 2012 жылғы Лондон Олимпиадасының жеңімпазы литвалық Лаура Асадаускайте топ жарды. Бұл сында кіл мықтылармен қатар, қазақстандық бессайысшылар да сәтті өнер көрсетті.  Азияның қазіргі чемпионы 24 жасар отандасымыз Павел Ильяшенко жарысты 18-орынмен аяқтады. Ал, халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағы бар 21 жасар алматылық ару Арина Жиенбаланова 11-орынға табан тіреді.  

Сонымен қатар, қазақстандық спортшылар биылғы жылы Бішкекте өтетін Орта Азияның  ашық Кубогына, Қапшағайда өтетін дәстүрі халықаралық  турнир Амангелді Иманов Мемориалына,  Варшавада ұйымдастырылатын әлем чемпионатына, Оңтүстік Кореяде өтетін Жазғы Азия Ойындарына және Бішкекте өткізілетін Юрий Хоришко Мемориалына қатысады.  Қазіргі бессайыстан ҚР құрамасының жетекшілері  Вадим Чудновский (бас бапкер), Дмитрий Тюрин (ерлер құрамасының бапкері) және Валерий Кашельский (әйелдер құрамасының бапкері) биылғы маусымда өз шәкірттерінің жылдан-жылға шеберліктерінің артып келе жатқандығын алға тартып, биылғы маусымда да спортшыларымыз сәтті өнер көрсететіндіктеріне үлкен үміт артады. 

sk-sport.kz